Оқиға

Ұлттық тестілеу орталығының базасына заңсыз кірген екі азамат сотталды

Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны 2021-2022 жылдары Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына тыйым салынған тәсілмен қол жеткізген, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәуір айында Орал қаласы соты Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптары бойынша екі азаматтың әрқайсының 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Олар сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім шығаруға ҰҚК процессуалдық материалдары негіз болды.

Үкім заңды күшіне енді.

-->