Костенко шахтасындағы апат: Соңғы кеншінің дене бөлшектері табылды
Бүгін Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің соңғысының денесі 31 қазанда табылғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
45 кеншінің мәйіті мен 46-адамның дене бөлшектері табылды, – деді ол.
Қазіргі уақытта марқұм болған 40 кеншінің аты-жөні анықталған. 6 адамды тану мүмкін болмай жатыр.
Айта кетейік, 28 қазанда Костенко шахтасында метан газы жарылған. Ресми дерек көздері апат кезінде жер астында 252 шахтер болғанын айтты. Олардың 206-сы өз бетімен жер үстіне шыққан. Қалғандары сыртқа шыға алмай қалған.
-->45 кеншінің мәйіті мен 46-адамның дене бөлшектері табылды, – деді ол.