Оңтүстік Кореяға заңсыз кірген екі отандасымызға сот үкімі шықты
Олар айыппұл төлеп, Қазақстанға қайтатын болды, деп хабарлады Elorda.info
Бұл туралы олардың адвокаты Мейіржан Шекеев өзінің Instagramm парақшасында жазды.
Еске сала кетейік, наурыз айының соңында екі отандасымыз Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан ол елдің аумағына кіргендігі туралы ақпарат шыққан болатын. Олар сол мезетте әуежайдағы тексеріс орнынан қашып кеткен. Артынша, олардың Корея полициясының қолына түсіп, қамауға алынғаны хабарланды.
-->Бұл туралы олардың адвокаты Мейіржан Шекеев өзінің Instagramm парақшасында жазды.
Алақаааай. Бұл Қазақстанның халықаралық тағы бір беделді жеңісі. Енді Кореядағы екі жігіт 3 жылға түрмеге тоғытталмай, айыппұл төлеп ,елге қайтатын болды. Барлық мақтау, мадақтау Аллаға тән. Мен тек себепшімін. Кешелі бері дұғада болып, тілекші болып жатқан баршаңызға мың алғыс. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, соның ішінде КР Кореядағы консулдары Аслан, Бауыржан бауырларыма бәріңе,бәріңе мың алғыс. Айтар, жазар нәрселер өте көп. Бірақ әлі бітіретін шаруалар жетіп жатыр. Алла қаласа амандықта жүздесейік,-деп жазды қорғаушы.