Оқиға

Киік мүйізін шетелге әкетпек болғандар ұсталды

17 қазанда «Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті ҰҚК және полицияның өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп елден 991 дана киік мүйізін әкету әрекетінің алдын алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асады.