Келіні қайын атасының атына заңсыз несие рәсімдеген
Шымкентте келіні қайын атасының атына екі рет несие рәсімдеп, ақшаны өзі иемденіп алған, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Абай ауданының тұрғыны полицияға өзінің атына заңсыз несие рәсімделгені туралы арызбен жүгінген. Ер адамның айтуынша, несие туралы кезекті төлем хабарламасы келген кезде кездейсоқ білген.
Полицейлер бұл жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.
Айлакер келін қайын атасының телефоны арқылы интернет-банкингті жасырын пайдаланғаны белгілі болды.
-->Абай ауданының тұрғыны полицияға өзінің атына заңсыз несие рәсімделгені туралы арызбен жүгінген. Ер адамның айтуынша, несие туралы кезекті төлем хабарламасы келген кезде кездейсоқ білген.
Полицейлер бұл жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.
Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтау үшін бірқатар жедел іс-шаралар жүргізді. Жәбірленушіден, оның отбасы мүшелерінен және әріптестерінен сұрақ-жауап алынды. Смартфонын көбіне қайда және қашан қалдырғанын, жеке деректерін кімге жария еткенін, сондай-ақ ақша аударымдары тексерілді. Нәтижесінде күдікті анықталды. Ол жәбірленушінің келіні болып шықты. Өзінің қулық-сұмдығы туралы қайын атасының біліп қойғанын байқап, Түркістан облысындағы туыстарына қашып кеткен. Полиция қызметкерлері оны Шымкентке жеткізді, - делінген ақпаратта.
Айлакер келін қайын атасының телефоны арқылы интернет-банкингті жасырын пайдаланғаны белгілі болды.
Бірнеше айдың ішінде әйел туысының атына жалпы сомасы 750 мың теңгеге тауар алу үшін 2 рет несие рәсімдеген. Оларды қолма-қол ақшаға айналдырып, қаражатты өз шотына аударып алған. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деді Абай аудандық полиция басқармасының анықтаушысы Серік Жантаев.