Қазақстан азаматы Пхукетте суға батып кетті
Қазақстандық турист Евгений Сапогов Пхукетке ұшып келе салысымен бірден шомылмақ болып, теңізге батып кеткен, деп хабарлады Elorda.info «Пхукет жаңалықтары» басылымына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 31 шілде күні Карон жағажайында болған.
-->Оқыс оқиға 31 шілде күні Карон жағажайында болған.
«Оқиға жайлы хабарлама Карон полиция учаскесіне сағат 14-20-да жедел жәрдем орталығынан келіп түскен. Қазақстандық турист Евгений Сапогов (57 жаста) орналасқаннан кейін бірден қонақүй алдында теңізге батып кетті. Ер адам Пхукетке ұшып келгеннен кейін 60 күнге мөртаңба алған. Бірақ, бір күн қонбастан мерт болды», — деп жазады «Пхукет жаңалықтары».