Оқиға

Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

Каспий теңізінде жер сілкінісі болғаны анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz АЗЕРТАДЖ басылымына сілтеме жасап.

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының деректеріне сәйкес, жер асты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 19:13-те болған.

Магнитудасы 3,6 болды, ал эпицентрі 58 км тереңдікте жатыр.