Оқиға

Каспий теңізінде жер сілкінді

Бұл туралы Қазақстандық ұлттық деректер орталығы мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Орталық мәліметінше,  30 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 01 сағат 14 минутта (Гринвич бойынша 29 желтоқсанда 20 сағат 14 мин.) Каспий теңізінде жер сілкінісі болды. 

«Эпицентрдің координаттары: 41,54 градус солтүстік ендік, 49,98 градус шығыс бойлық. Магнитудасы: mb=4. Энергетикалық класс: К=10,9. Тереңдігі: h=11 шақырым», - деп жазылған хабарламада.