Оқиға

ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшісі қайтыс болды

Алматы облысында шекара қызметінің әскери қызметшісі қайтыс болды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

- 2025 жылғы 5 қазанда Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы жауынгері қайтыс болды. Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі — менингококцемия, - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды.

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше Алматыда сарбаз әскери бөлім ғимаратының үшінші қабатынан секіріп кеткен еді.