Оқиға

«Көршімізді өлтіріп кеткен»: Қаржаубай Нұрымов Хуторский жігіттері туралы айтты

Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сот отырысында Хуторский жігіттері туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Барлық жігіттер дүкен алдына жиналған кезде мен дүкенді жабамын деп ішке кірдім. Сол кезде артымнан 3 жігіт кірді. Олар сыра алғылары келді. Бірақ мен «дүкенді жабамын, шығыңдар» дедім. Сол кезде сыртта Ахметті (Шерзаттың досы) ұрғанды естіп, сыртқа шығап бара жатқанда қорғану мақсатында қолыма май кесетін пышақты алдым. Себебі, Нұрбол Хуторскийміз дегенде сескендік. Олар түсінбейді, төбелес тоқтамайды деген ой болды»,- деді Қаржаубай Нұрымов.

Шерзаттың әкесі Талғардағы Хуторский жігіттері туралы басқа оқиғаны атап өтті.

«Біз ауылда естіп жатамыз ғой. Бұлар бірге-бір төбелесіп ешқандай әңгіме шешпейді. Қаншама бала жарақат алды. Тіпті біздің көршімізді пышақтап, атық өлтіріп кеткен. Содан сескеніп балаларды қорғау мақсатында пышақты алып шықтым»,- деді ол.