Оқиға

Көкшетауда газ тарифін төмендетуге қол жеткізілді

Көкшетау қаласының прокуратурасы газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша талдау жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Осылайша, қадағалау ведомствосы қала кәсіпорындарының бірі газды жоғары бағамен жеткізетінін анықтады.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыс орталығының жекелеген бөліктерінде газ тарифі 192,14 теңгеге/м3 (691,28 теңгеден 499,14 теңгеге дейін) төмендетілді, осылайша 1,8 мыңнан астам абоненттің құқығы қорғалды», - делінген хабарламада. 

Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.