Оқиға

Көкшетауда екі студенттен 15 млн теңгенің вейпі тәркіленді

Ақмола облысында полицейлер жалпы сомасы 15 млн теңге болатын шегілмейтін темекі өнімін тәркіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Есірткі қылмысына қарсы күрес қызметкерлері жергілікті колледждің 2 студентін ұстады.

«Олардың бірі 10 дана электронды темекіні үйінде сақтаған, ал екіншісінің үйінен 970 дана өнім табылды. Ол тыйым салынған тауарды жою үстінде ұсталған. 20 жастағы жігіт тәркіленген электронды темекілерді саудалау арқылы шамамен 15 млн теңге пайда табуды көздегенін мойындады», - делінген ІІМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта 2 факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция бұл өнімдерді сату мен таратқаны үшін 200 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынатынын ескертті.