Оқиға

Күдебаев Ыстанбұлға ұшып кеткен – Бас прокуратура

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Сондай-ақ Бас прокурордың орынбасары Қырғызстаннан Күдебаевқа қатысты хабар келгенін айтты.

-->

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Күдебаев бойынша мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің маңыздылығын ескере отырып, Бас прокуратура өз қарауына алды. Іздеуге ең мықты қызметкерлер тартылып, іздеу жалғасып жатыр. Біз Қырғызстанға сұрау жібердік, енді іздеу жұмыстарын бірлесіп жүргізетін боламыз, - деді Жандос Өмірәлиев.

Сондай-ақ Бас прокурордың орынбасары Қырғызстаннан Күдебаевқа қатысты хабар келгенін айтты.

Біздің қырғыз әріптестеріміздің айтуынша, Күдебаев Манас әуежайы арқылы Ыстанбұлға ұшып кеткен. Олар осындай ақпарат берді. Бізде Түркиямен келісімшарт бар және қазір олармен жұмыс істейміз. Барлық ақпаратты бере алмаймыз, өйткені ол әлі қашып жүр. Яғни барлық деректерді ашып айта алмаймыз, себебі іздеу нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін, - дейді ол.