«Ирина Кайратовна» тобының концертінде мобилограф қайтыс болды
«Ирина Кайратовна» тобының Астанадағы концертінде мобилограф қайтыс болды. Куәгерлердің сөзінше, жігіт сахнада тұрған кезінде кенет құлаған, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласы полициясының хабарлауынша, 14 қазан күні концертте 21 жастағы мобилограф есінен танып, сахнаға құлаған. Өкінішке қарай, ол жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.
Кейінірек топ мүшелері сахнаға шығып, қаралы жағдайды хабарлап, халықтан кешірім сұраған.
-->Астана қаласы полициясының хабарлауынша, 14 қазан күні концертте 21 жастағы мобилограф есінен танып, сахнаға құлаған. Өкінішке қарай, ол жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Әкімдік пен көрермендер түсіністік танытып, концерт у-шусыз аяқталды, - деп хабарлады Полиция департаменті.
Кейінірек топ мүшелері сахнаға шығып, қаралы жағдайды хабарлап, халықтан кешірім сұраған.
Сіздерді күттіргенімізге кешірім сұраймыз. Бірақ бәрі бекерден бекер емес. Бізге қатты ауыр. Айтудың өзі ауыр. Жаңа ғана мобилограф сахнада құлап қалды, көрген боларсыздар. Ол көз жұмды. Сондықтан қазір сіздердің алдарыңызда өнер көрсете алмаймыз, - деді «ИК» тобының мүшесі Азамат Маркленов.