«Ирина Кайратовна» тобы: Мобилограф қазасының алдын ала себебі айтылды
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Жылқайдар Шахназдың қайтыс болу фактісі бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info.
Айта кетейік, 14 қазан күні «Ирина Кайратовна» тобының мобилографы Астанадағы концерт кезінде кенеттен қайтыс болды. Біраз уақыттан кейін топ мүшелері сахнаға шығып, мобилографтың қайтыс болғанын хабарлады.
-->
14 қазанда Жылқайдар Шахназдың денесі сот-медициналық сараптама жұмыстарын жүргізу үшін Сот сараптама институтына жеткізілді. Өлімнің алдын - ала себебі — жедел геморрагиялық панкреонекроз. Өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады. Зерттеу жұмыстары екі аптаға дейін жүргізіледі,- деп жазылған хабарламада.