Интернет алаяқтық ұрлықтан кейінгі екінші орында тұр
Ақпараттық технологиялардың дамуымен бірге интернет алаяқтық та көбейді. Статистикаға сүйенсек, елордамызда да киберқылмыстың саны артқан. Elorda.info тілшісі бір ғана Астана қаласындағы қылмыстың осы түріне қатысты маманмен пікірлесті.
Астана қаласының Полиция басқармасы КПБ жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Айдар Қонысбектің айтуынша, 2022 жылдың алғашқы жарты жылында 1894 қылмыс орын алса, 2023 жылдың алғашқы алты айында 2202 қылмыс тіркелген. Салыстырмалы түрде айтсақ, интернет алаяқтық елімізде жиілігі жағынан ұрлықтан кейінгі екінші орында тұр.
Айдар Болысбекұлының айтуынша, интернет алаяқтары жемтігін көбіне «OLX», «Крыша», «Колеса» қосымшалары арқылы табады. Ондағы қайнап жатқан тауар сату, қызмет көрсету жарнамаларының арасынан кімнің адал, кімнің арам екенін ажырату қиын. Сондай-ақ «Крыша» сайты арқылы пәтерді жалға беру, автомашиналарды сату немесе сатып алу, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атына онлайн несие рәсімдеу арқылы жасалатын киберқылмыстар да басым болып тұр.
Интернет алаяқтықтың тым көбейіп кетуіне ғаламторда жүзіңді жасырып, аты-жөнің мен мекен-жайыңды өзгертіп, ізіңді жасыру мүмкіндігі «септігін» тигізіп тұр. Өзі және мекеме туралы өтірік ақпарат беріп, ол аздай, сатуға немесе тұтынуға ұсынылған жоқ өнім мен қызметті судай сапырып мақтау арқылы интернет пайдаланушыларды тақырға отырғызып кетіп жатқандар, көбіне, шетелдіктер. Ал трансшекаралық алаяққа арбалғандар үшін қылмыскерді шетелден іздеу, тіптен, құм ішінен ине іздегенмен тең. Мұны білгесін де, қулығын басқа елде отырып асыратындардың саны көп.
Интернет алаяқтыққа ҚР ҚК 190-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағына сәйкес 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу неме сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ол үшін алаяқтық құрбаны факті бойынша полицияға арызданады. Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық ісі қозғалады. Сосын тергеу іс-әрекеттері жүзеге асырылады.
Ал трансшекаралық қылмыс тергеу амалдары жүргізіліп, анықталған жағдайда халықаралық іздеу жарияланады.
Алаяқтық фактісі бойынша жыл басынан бері 2202 киберқылмыс тіркелсе, оның 400-ден астамы сотқа жіберіліп, үкім шықты.
Полиция қызметкерінің айтуынша, киберқылмыскерлердің қандай адамдардың арасынан шығатынын туралы нақты мәлімет жоқ Дегенмен көбіне-көп түрмеде отырып шыққандар мен технологиядан хабары бар адамдардың арасынан шығады. Алданушылар - 20-дан 70 жасқа дейінгі ересек адамдар. Оның ішінде мұғалімдер, дәрігерлер, үй қызметіндегі әйелдер, зейнеткерлер – жалпы, барлық санаттағы адамдар кездеседі.
Ал ғаламторда алаяқтардың құрған торына түсіп қалмас үшін әр адам, ең бастысы, өзінің жеке деректемелеріне мұқият болу керек. Нақты карталардың нөмірін, ұялы телефондарға келген смс-кодтарды ешкімге көрсетпеу керек, жеке куәліктер мен банктік карточкаларының деректемелерін фотоға түсіріп, бейтаныс адамға жібермеу керек. Күдікті сайттарға, уатсап, инстаграм, телеграмдағы түрлі күдікті топтарға тіркелуден аулақ болған жөн. Арақашықтық арқылы басқа телефондарға кіруге мүмкіндік беретін қосымшаларды орнату, ақша, «бонус түседі» деген сілтемелерге сену арқылы өтіп, өз деректеріңізді жазу да –алаяқтың арбауына өз аяғыңызбен бару болып саналады.
Салтанат Мұратқызы
-->Астана қаласының Полиция басқармасы КПБ жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Айдар Қонысбектің айтуынша, 2022 жылдың алғашқы жарты жылында 1894 қылмыс орын алса, 2023 жылдың алғашқы алты айында 2202 қылмыс тіркелген. Салыстырмалы түрде айтсақ, интернет алаяқтық елімізде жиілігі жағынан ұрлықтан кейінгі екінші орында тұр.
Айдар Болысбекұлының айтуынша, интернет алаяқтары жемтігін көбіне «OLX», «Крыша», «Колеса» қосымшалары арқылы табады. Ондағы қайнап жатқан тауар сату, қызмет көрсету жарнамаларының арасынан кімнің адал, кімнің арам екенін ажырату қиын. Сондай-ақ «Крыша» сайты арқылы пәтерді жалға беру, автомашиналарды сату немесе сатып алу, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атына онлайн несие рәсімдеу арқылы жасалатын киберқылмыстар да басым болып тұр.
Бүгінде алаяқтардың өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, бейтаныс адамдарға несие рәсімдеу фактісі көп тіркелуде. Мұндай қулардың құрығына түспес үшін азаматтарға өздерінің банк реквизиттерін, жеке деректерін ешкімге айтпау керек екенін ескертеміз. Аңдаусызда алаяқтардың арбауына түсіп қалмай, мәліметті егжей-тегжейлі тексеріп алу қажет. Әлдекім ұялы телефон арқылы өзін банк қызметкері ретінде таныстырса, құлай сене кетпей, алдымен қоңырауды үзіп, банктің өзіне хабарласу керек. Шынымен несие рәсімделіп жатыр ма, жоқ па, шынайы информацияны білуге тиіс. Егер күдікті бір нәрсені сезсе, 102-ге қоңырау шалған жөн, - деді Астана қаласының Полиция басқармасы КПБ жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Айдар Қонысбек.
Интернет алаяқтықтың тым көбейіп кетуіне ғаламторда жүзіңді жасырып, аты-жөнің мен мекен-жайыңды өзгертіп, ізіңді жасыру мүмкіндігі «септігін» тигізіп тұр. Өзі және мекеме туралы өтірік ақпарат беріп, ол аздай, сатуға немесе тұтынуға ұсынылған жоқ өнім мен қызметті судай сапырып мақтау арқылы интернет пайдаланушыларды тақырға отырғызып кетіп жатқандар, көбіне, шетелдіктер. Ал трансшекаралық алаяққа арбалғандар үшін қылмыскерді шетелден іздеу, тіптен, құм ішінен ине іздегенмен тең. Мұны білгесін де, қулығын басқа елде отырып асыратындардың саны көп.
Статистикаға жүгінетін болсақ, 6 қылмыстың 1-уі шетелден тіркеледі. Яғни, әрбір алтыншы қылмыс шетелден істеледі. Мұнда алаяқтық инвестиция бойынша, телеграм арқылы жүзеге асырылады. Олар көбіне өздерін банк қызметкері деп таныстырады. Алаяқтық Украина, Ресей, Грузиядан шығып отыр, - деді жедел уәкіл.