Халықаралық іздеуде жүрген азамат Украинадан елге экстрадицияланды
Украинаның Әділет министрлігі Қазақстан сотының үкімін орындаудан жалтарған азамат «М»-ны Қазақстан Республикасына беру туралы шешім қабылдады , деп хабарлады Elorda.info, бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Сот аталған азаматты 2017 жылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, шартты мерзімге соттаған.
Ол 2019 жылы соттың өзіне жүктеген шектеулерін бұзып, жазасын өтеуден жалтару мақсатында шекара асып кеткен. Артынша оған халықаралық іздеу жарияланды.
Ағымдағы жылдың тамыз айында іздеуде жүрген адамды Украина аумағында осы елдің құқық қорғау органдары ұстады.
Бүгін Қазақстан Республикасының Украинадағы, Молдовадағы және Түркиядағы Елшіліктерінің қолдауымен Қазақстан Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері оны біздің елге экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды - деді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.