Оқиға

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды

Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауымен Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында 24 жастағы қазақстандық азамат ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген.

Күдікті былтыр жазда Алматыдағы сауда үйлердің бірінде техника сатушы болып жұмыс істеп, азаматтарға мобильді телефондар мен олардың аксессуарларын өткізу сылтауымен алаяқтық жасаған. Ол 20 миллион теңгеден астам ақша жымқырған, - делінген ІІМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда.