Оқиға

Гүл дүкеніндегі жағдай: ІІМ шымкенттік полицейге қатысты тергеуді бастады

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің «ROMANTIC» гүл салоны мен «Eldorado» ресто-барының жұмысшыларына қатысты жасаған заңсыз әрекеттеріне байланысты БАҚ-та таралған мәліметтерді тексерді, деп хабарлады Elorda.info.

М.Бековке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ведомство екі қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз ететін болады.

-->

М.Бековке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігі «Салғырттық» бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексеретін болады, - делінген министрлік ақпаратында.

Ведомство екі қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз ететін болады.