Оқиға

Есірткіні сатқаны үшін сотталған қазақстандық Ресейден елге жеткізілді (ВИДЕО)

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сот үкімін орындау мақсатында Ресей Федерациясынан сотталған Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол 2014 жылы адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша Павлодар қаласында аса ірі көлемде есірткі заттарын сатқан.

«66 кг марихуана мен 8 кг гашишті одан әрі сату мақсатында тасымалдау барысында полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Алайда 2015 жылы ол сот үкімімен ақталды.

Кейін прокурордың наразылығы бойынша ақтау үкімінің күші жойылып, оған 10 жарым жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған», - делінген хабарламада.

Сол уақыт ішінде аталған адам қылмыстық жазадан құтылу мақсатында соттан бой тасалаған. Оған халықаралық іздеуге жарияланып, сотталушы 6 жылдан астам уақыт жасырынған.

Өткен жылдың желтоқсанында іздеудегі адам Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, енді жоғарыда аталған жазасын өтеуі керек.