Оқиға

«Ешкімге айтпа деді»: айыпталушы Ысқақ не үшін полицияға хабарласпағанын айтты

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы іс құжаттары зерттеліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Сот отырысында жәбірленуші Нұрқанат Ғайыпбаев мен айыпталушы Думан Ысқақты беттестіру кезіндегі бейнежазба көрсетілді.

Бейнежазбада екі тарап оқиға болған түн туралы баяндайды. Одан кейін тергеуші айыпталушыға мылтық пен пышақты көрсе де неге полицияға хабарласпағынын сұрады.

«Қорықтым. Абзал Шынасыл көлікте «ешкімге айтпа» деп айтты», - деп жауап берген Думан Ысқақ видеода. 

Еске сала кетейік, кәмелет жасқа толмаған Думан Ысқақ қылмыс туралы хабар бермегені үшін айыпталып отыр.