Елордалық құтқарушылар жатақханадағы өртті сөндірді
Бүгін Астана қаласының 112 қызметіне Республика даңғылында орналасқан жатақханада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Шақыру орнына жеткен өрт сөндірушілердің баянаты бойынша екі қабатты ғимараттың екінші қабатындағы бөлме мен дәліздің төбе жабыны өртеніп жатқаны анықталды.
Тәжірибелі өрт сөндірушілердің кәсіби әрекетінің арқасында өрт 50 ш.м. аумақта толықтай сөндіріліп, басқа орын-жайларға таралуына мүміндік берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.