Оқиға

Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді

Астанадағы «Сарайшық» ауданының Райымбек батыр көшесінің бойында жеңіл көлік өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құтқарушылар өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда», - делінген ТЖМ хабарламасында.

ТЖМ автокөлік иелерін өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.