Оқиға

Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді (ВИДЕО)

Астанадағы «Сарайшық» ауданының А.Байтұрсынов және М.Тынышбаев көшелерінің қиылысында жеңіл көлік өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Құтқарушылар өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген хабарламада.

ТЖМ автокөлік иелерін өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.