Оқиға

Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды

102 арнасы арқылы кезекші бөлімге «Архар» көпірінде бір қыздың тұрғаны туралы хабар түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Polisia.kz жазуынша, оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді.

Белгілі болғандай, 16 жастағы қыз туыстарымен ұрысып, эмоциялық күйзеліс салдарынан көпірден секірмек болған.

Тәртіп сақшыларының тактикалық әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді.

Кейіннен ол ата-анасына тапсырылып, қажетті психологиялық көмек көрсетілді.