Елордада мектепте жұмыс істемейтін адамдарға жалақы мен сыйақы төленіп келген
Байқоңыр ауданының прокуратурасы тексеру нәтижелері бойынша елордалық мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, жыл бойы жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалпы сомасы 8 млн теңгеден астам жалақы мен сыйақы аударылып отырған.
Сот үкімімен мектеп директоры сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп жымқырғаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, оған 52,3 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды
«Кінәлі тұлға залалды толық көлемде өтеді. Үкім заңды күшіне енді.»,- деп жазылған хабарламада.