Оқиға

Елордада жолаушылар автобусы бағанаға соғылды

Кеше елордадағы Республика даңғылы бойында жолаушылар автобусы жол жиегіндегі бағанаға соғылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар. 

«Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі маневр жасау кезінде көлікті басқара алмай, бағанаға соғылған. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар. Зардап шеккен жандарға жедел медициналық көмек көрсетіліп жатыр», — делінген хабарламада. 

Аталған факті бойынша дереу қылмыстық іс қозғалды. Жан-жақты тексеру жүргізіліп, барлық мән-жай анықталып жатыр. 

 Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарақат алған 10 адам қалалық стационарға жеткізілген.

 «Алдын ала мәлімет бойынша, жарақат алған 10 адам қалалық стационарға жеткізілді. Зардап шеккендердің екеуі ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда, шұғыл операция жасалып жатыр», — делінген хабарламада.