Оқиға

Елордада жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала көз жұмды

Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 4 бала көз жұмды, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін оқиға орнына 6 минутта жеткен.

«Өрт алдын ала 500 ш.м.  алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты», - делінген хабарламада.

Қазір өрттің себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетуде.