Елордада жеке тұрғын үйдегі өрт сөндірілді
Астанада жеке тұрғын үйдің шатыры жанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқиға орынына барған өрт сөндірушілер үйден қалың түтін шыққанын анықтады.
«Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 70 ш.м. алаңда сөндірілді. Себебі анықталуда», - делінген хабарламада.