Оқиға

Елордада жеңіл көлік өртеніп кетті

Астананың «Сарайшық» ауданы Шарбақты көшесінде жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті өшірген.

«Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда. ТЖМ автокөлік иелерін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады», - деді министрліктің баспасөз қызметі.