Оқиға

Елордадағы жағажайда 11 жасар бала суға кетіп қала жаздады

Кеше "Сарыарқа" ауданындағы коммуналдық жағажайда, Ш.Бейсекова көшесіндегі көпір маңында жүргізілген жоспарлы патрульдеу барысында Төтенше жағдайлар министрлігі жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 11 жастағы баланы құтқарып қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

ТЖМ мәліметінше, шомылып жүрген кезде баланың аяғы тартылып, судан шыға алмай, үрейлене бастаған. Құтқарушылар дер кезінде көмек көрсетіп, баланы судан алып шықты.

Медициналық көмек қажет болмады — жағдайы қанағаттанарлық.