Елордадағы LRT аумағынан өрт шықты
«Бүгін Қабанбай батыр даңғылында ЛРТ құрылысы ауданынан өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер шамамен 15 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары жанып жатқанын анықтаған.
«Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт салыстырмалы түрде қысқа мерзімде жойылды. Жарақат алғандар жоқ»,- делінген хабарламада.
Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталып жатыр.