Оқиға

Елордадағы лифтегі оқиға: жасөспірімге қатысты іс қашан аяқталады

Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов елордадағы лифт ішінде болған оқиғаға қатысы іс қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалды. Шамамен бір айда тексеру жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз»,- деді ол.

Айта кетейік, елордада жасөспірім бес жастағы балаға пышақ жарақатын салған еді. Видео әлеуметтік желіде тарады.