Елордада танымал мейрамхананың бірінде 37 адам астан уланды
Астанадағы мейрамханалардың бірінде тағамнан жаппай улану оқиғасы орын алды, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаеваның айтуынша, биыл қоғамдық тамақтандыру нысандарында жаппай тамақтан уланудың 2 жағдайы тіркелген.
Алғашқы оқиға шілде айында болған. Онда 15 адам зардап шекті. Мейрамханада жаппай уланудың екінші жағдайы осы айда тіркелген. Қазіргі уақытта эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендердің саны-37 адам. Елордалық СЭБД бұл жағдай «Окадзаки» мейрамханасында болғанын мәлімдеді.