Оқиға

Елордада тағы бір автобус өртенді

Бүгін Байқоңыр ауданында А.Бараев көшесінің бойында маршруттық автобустың төбесі жана бастаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Өрт туралы хабарды қабылдап, сонда жетіп, өртті барлап, жалынды сөндіру үшін өрт сөндіру командасына небәрі 9 минут қажет болды», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ТЖМ өрт шыққан жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалу қажет екенін еске салады.