Оқиға

Елордада құрылыс басында кран құлап кетті (ФОТО, ВИДЕО)

Бүгін сағат 09:25 шамасында Ақын Сара көшесі, 53 учаскесі мекен жайында орналасқан Inshaat Invest ЖШС-нің «Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» құрылыс учаскесінде жүкті көтеру кезінде QTZ-63 мұнара кранының секциясы бұзылды, деп хабарлады Elorda.info Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Зардап шеккендер жоқ. Кранының иесі - Капитал ЖК.

Аварияның алдын ала себебі - шамадан тыс жүктеме.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде.

Департамент жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен аварияны тергеу жөніндегі комиссия құратын болады.

Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады.

-->