Оқиға

Елордада полицейді көлігімен сүйреген мас жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)

Астаналық мас жүргізуші полицейдің заңды талабына бағынбай, оны көлігімен сүйреген, деп хабарлады Elorda.info.

Хабарлама күндізгі уақытта «102» пультіне түскен. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері Мәскеу мен Потанин көшелерінің қиылысында жолдың қарсы жағындағы KIA көлігін байқаған. Сақшылардың тоқтату талаптарын елемеген жүргізуші көлікті жүргізуін жалғастыра берген. Алайда ол көше қиылысында алдында көліктер тұрғандықтан бағдаршамның қызыл түсіне тоқтауға мәжбүр болған. Осы кезде полицей көлікке жүгіріп келіп, есікті ашпақ болғанда жүргізуші жылдамдықты арттырып, инспекторды жол бойымен 20-30 метрдей жерге сүйреп әкеткен.

Өз өмірін қауіпке тігіп, құқық бұзушының көлігін арпалысып жүріп тоқтатқан полицейлер оны салоннан алып шыққан,  Артынша тиісті шара қолданған. 

Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынып, көлік коммуналдық айып тұрағына қойылды.

-->

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, 23 жастағы жүргізуші көлікті орташа дәрежедегі мас күйінде басқарғаны белгілі болған. Сонымен қатар  оның жүргізуші куәлігі де болмағаны анықталды. 

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік кодекстің екі бабымен – ішкі істер органы қызметкерінің заңды талабын орындамау және масаң күйде басқаруға құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы бойынша іс қозғалды, - делінген хабарламада