Елордада мопед жүргізушісі КамАЗ-ға соғылып, мерт болды
Жол апаты кеше, 25 тамыз күні қаланың сол жағалауында шамамен cағат 21:14-те болған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, мопед жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.
«Қабанбай батыр даңғылы жақтан Ақмешіт көшесіне қарай Сарайшық көшесінің бойымен келе жатқан мопед жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолда тұрған «КамАЗ» автокөлігіне соғылған. Жол апаты салдарынан мопед жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - деп жазылған полиция хабарламасында.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған, тергеу жүріп жатыр.