Елордада көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды
Бүгін түнде елордада көпірден секірмек болған 33 жастағы ер адам құтқарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқиға «Есіл» ауданындағы көпірде болған.
«Жедел құтқару жасағының қызметкерлері дереу сол жерге кетті. Келгеннен кейін құтқарушылар арнайы техниканы орналастырып, автосатымен көпірдің аркасына көтеріліп, келіссөздерден кейін 1992 жылы туған ер адамды түсірді»,- деп жазылған ТЖМ хабарламасында.