Оқиға

Елордада кәмелетке толмаған бала 8-қабаттан құлап кетті

Есіл ауданында 8-қабаттан құлаған бала қайтыс болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Кәмелетке толмаған баланың тұрғын үйдің 8-қабатынан  құлап, оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болуы фактісі бойынша Астана қаласы ПД «Есіл» ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - деп мәлімдеді Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Эльмира Шауленова.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.