Елордада есірткі жарнамалаған әйел ұсталды
Астана полицейлері интернет арқылы есірткі таратуға қатысы бар 27 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Белгілі болғандай, ол қосымша табыс табу мақсатында мессенджердегі арнаны жүргізуге келіскен, онда тыйым салынған заттардың жарнамасы жарияланған.
«Тінту барысында әйелден дәлелдері бар телефон тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Полиция есірткіні таратудың кез келген түріне қатысу – ауыр қылмыс екенін ески салады. Жеңіл табыс іздегенде оның салдары туралы ұмытпау қажет – мұндай әрекеттер заңсыз болып саналады және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.