Елордада есірткі таратумен айналысқан әйел ұсталды
Астанада есірткі қылмыстарына қарсы бағытталған 30 күндік кешенді профилактикалық іс-шаралар аясында полицейлер заңсыз есірткі айналымын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары көшеде күмәнді қылықтар жасаған әйелді байқаған. Ол бұталардың суретін түсіріп, айналасына сақтана қарап жүрген. Жедел тексеру барысында 34 жастағы әйел ұсталып, жеке сөмкесін тексеру кезінде құрамында мефедрон болуы мүмкін 6 пакет табылды.
Кейінгі тергеу шаралары барысында ұсталған әйел бұған дейін тағы 9 «есірткі тарату» ісін жасап үлгергенін көрсетті. Әйелге Telegram анонимді мессенджері арқылы нұсқаулар берілген, ал өзі тыйым салынған заттарды таратушы ретінде әрекет еткен.
Медициналық сараптама нәтижесінде күдіктінің есірткі қолданбайтыны анықталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция есірткі сату мен таратудың – ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін апаратын ауыр қылмыс екенін ескертеді.