Оқиға

Елордада екі қабатты дәмханадан өрт шықты

Астанада Тәуелсіздік даңғылы мен Ақыртас көшесінің қиылысындағы екі қабатты дәмханада өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

«Құтқарушылар өртті жедел сөндіріп, баспалдақтың көмегімен ғимараттың шатырынан дәмхананың 2 қызметкерін құтқарды. Дәмханада болған адамдар өрт сөндірушілер келгенге дейін өздері далаға шыққан», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.