Оқиға

Елордада дәмханада болған жарылыстың видеосы пайда болды

28 қыркүйек күні Астанада Ақыртас көшесіндегі кафелердің бірінде газ баллоны жарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері осы оқиғаның куәгері болды.

Полицейлер Диас Әбітбек, Нұржан Искаков және Бақытжан Рахат дереу зардап шеккендерге көмек көрсетуге асықты. Олар өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақырып, азаматтарды өртеніп жатқан ғимараттан эвакуациялай бастады.

Адамдар көшеге шығып жатты, бірақ кейбіреулері ішінде қалып қойды. Мен оларға шығуға көмектестім, содан кейін ешкімнің қалмағанын тексердім. Абырой болғанда іште ешкім болған жоқ. Үш минуттан кейін өрт сөндірушілер келді, және біз ғимаратта төрт газ баллоны бар екенін ескерттік, — деді Диас Әбітбек.

Қауіп-қатерге қарамастан, полицейлер ерлік көрсетті. Олардың әрекеттері ауыр зардаптардың алдын алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.