Оқиға

Елордада автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

Астанада Тұран мен Сығанақ қиылысында автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан әйел сол жерде қайтыс болды.

«Автобус жүргізушісі Сығанақ көшесімен жүріп, Тұран даңғылына оңға бұрылу кезінде жолды реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен кесіп өткен жаяу жүргіншіні соққан. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды», - деп жазылған полиция хабарламасында.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.