Оқиға

Елордада адам өлтіргені үшін халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан азаматын ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2022 жылы 34 жастағы ер адам өз елінде тойда қонақтардың бірімен жанжалдасу кезінде оны соққыға жыққан, нәтижесінде ер адам қайтыс болды.

Ер адамның пробациялық бақылауда болғаны анықталды, алайда 2023 жылы ол елден кеткен. Осы жылдың қараша айында ер адамға қатысты халықаралық іздеу жарияланды. Кейін полицейлер оны елорданың сауда үйлерінің бірінен анықтап, ұстады.

«Қазіргі уақытта ұсталған адам Уақытша қамауда ұстау изоляторына қамалды, ол экстрадициялау шешімі шыққанға дейін сол жерде болады. Жақын арада ол іздеу бастамашысы – Тәжікстан Республикасының қылмыстық іздеу органына тапсырылады», - делінген хабарламада.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)