Оқиға

Елорда тұрғыны вейп сұйықтығын қолдан жасап сатқан

Күдікті рұқсат беру құжаттарынсыз құрамында никотины бар сұйықтықты қолдан өндіретін цех ұйымдастырғаны анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Дайын өнімді көтерме және бөлшек сауда түрінде Астана мен республиканың басқа қалаларының вейпшоптарына сатқан.

Сатылған никотин бар сұйықтықтың (вейп) құны 18 млн теңгеден асқан.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.

-->

Дайын өнімді көтерме және бөлшек сауда түрінде Астана мен республиканың басқа қалаларының вейпшоптарына сатқан.

Сатылған никотин бар сұйықтықтың (вейп) құны 18 млн теңгеден асқан.

Жедел тергеу іс-шаралары барысында 5 мыңға жуық электронды темекі шегу құрылғыларына арналған сұйықтық құтысы, хош иістендіргіштер, көлемі 235 литр глицерин және пропиленгликоль химиялық заттар, сондай-ақ оларды өндіруге арналған станоктар тәркіленді, - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.