Оқиға

Елорда тұрғыны ұрланған бұйымды сүйіктісіне сыйлаған

Елорда тұрғыны бұрынғы қызынан ұрлап алған бағалы білезікті жаңа сүйіктісіне сыйға тартқан, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданы ПБ қызметкерлері 23 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Ол бұрынғы қызының сенімін пайдаланып, үйіне қонған кезде бағасы 200 мың теңге тұратын Pandora білезігін ұрлаған.

Оқиға желісі бойынша жәбірленуші тұрғын жігітінің қазіргі қызының әлеуметтік желіге жариялаған фотосынан таныс бұйымды көрген. Яғни арызданушы қымбат білезігінің жоғалғанын бір аптадан кейін ғана байқаған. Ол өзінің білезігі ұрланғанын нақты білген соң, дереу полицияға арызданды.

Елорда тұрғыны жасаған қылмысын мойындады. Полицейлер білезікті тәркілеп, иесіне қайтарды.