Астанада полиция жасөспірімді ұрып-соғып қашып кеткендерді іздестіріп жатыр
Желіде елордалық куәгердің жасөспірімді соққыға жыққандарды түсіріп алған видеосы тарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Astanovka98 Telegram-арнасы жазғандай, жәбірленуші баланы «Мечта» тұрғын үй кешенінің маңындағы мектептердің бірінің қасында ұрып-соққан. Оқиға орнынан барлығы 9 бала кадрға түсіп қалған.
«Видео ТК чатына жіберілді. Айқайдан кейін ұрып-соққандар да, жәбірленуші де жасырынуға асықты», - делінген хабарламада.
Астана қаласының «Нұра» аудандық полиция басқармасы оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтайтын болады.
«Тексеру нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады», - делінген елорда ПД түсініктемесінде.