Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Нәтижесінде 8 «Калашников» автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1 521 оқ-дәрі табылды және тәркіленді», - делінген хабарламада.
Көрсетілген қару-жарақтардың 4-еуі «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланғаны анықталды.
Осы фактілер бойынша тергеу жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.